Русский Сайттың толық нұсқасы

Кеңесшілері Премьер-министрдікінен көп акционерлік қоғам төрағасы

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2019
  • 3371

Кеңесшілері Премьер-министрдікінен көп акционерлік қоғам төрағасы. Нұрлан Нығматуллин 100 пайыз мемлекеттік үлеспен ашылған «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту мен жаңғырту орталығының» жұмысын сынға алды. Ол мекеменің қажеттігіне күмәнмен қарайды. 2009 жылы ашылған орталықта 97 адам жұмыс істейді, кейбір мемлекеттік органдардың өзінде мұндай штат жоқ, деді спикер. Айтуынша, қызметкерлердің жалақасы 250 мың теңгеден 1 млн-ға дейін жетеді екен. 

Председатель правления, исполняющий директор, зам, зам, зам. У вас замов больше чем у ПМ.У председателя правления заместителей больше, чем у премьер-министра страны. Впечатляют там и заработные платы сотрудников. Это, конечно, частная вещь, но когда это за государственный счёт, нужно разбираться. 

Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Мәжіліс депутаттарына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жобасын ұсынды. Ешкім естімеген Акционерлік қоғам осы заң жобасын құрастыруға қаншалықты қатысқаны да сұралды.

Д. Қайыртай