Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік күшейді

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2019
  • 2900

Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік талаптары күшейтілді. Кеше түнгі сағат 00-ден бастап әуежайдыңтерминалдарына қосымша 6 бекет орнатылған. Әуе айлағының авиациялық қауіпсіздік қызметі мұны Азаматтық авиация комитетінің нұсқауымен байланысты деп түсінідірді. Енді күту залынан тыс негізгі терминал мен ВИП ғимаратқа кіру үшін жолаушылар мен шығарып салушылар алдын ала тексеруден өтеді. Әуежайда бұл күшейтілген режим әзірше бірай, яғни, 10 мамырға дейін созылады. Дегенмен, әуежай қызметкерлері қауіпсіздік үшін тексерістің не үшін күшейтіліп жатқанын ашып айта алмады.  

Григорий ВОЛКОВ, АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Халықаралық ережелердің талаптарына байланысты халықаралық рейстерге тіркеу үш сағат бұрын, ал ішкі рейстерге тіркеу 2 сағат бұрын жүргізіледі. Бұл бұрыннан бар талап. Осы уақыт аралығында жолаушылар тексеруден өтіп үлгереді. Алдын-ала келуге немесе қосымша уақыт жоғалтпау үшін ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтаса жеткілікті. Ал, бүгіннен бастап енгізілген талаптар Азаматтық авиация комитетінің ұйғарымына сай жасалып отыр.

Р. Асқарбекұлы