Русский Сайттың толық нұсқасы

Дариға Назарбаева Президенттік сайлау елдің дамуына жаңа серпін береді деп есептейді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2019
  • 3483

Дариға Назарбаева Президенттік сайлау елдің дамуына жаңа серпін береді деп есептейді. Сондай-ақ, ол сайлауды әділ, заң аясында және ашық өткізуді қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Және Конституцияға сәйкес, сайлау екі ай ішінде өткізілуі тиіс екенін еске салды.  

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Сайлау науқанын ҚР Заңдарына сәйкес өткізуге көмектесу - біздің абыройлы міндетіміз. Бұл орайда ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының орны ерекше. Сіздердің жергілікті халықпен және мәслихат депутаттарымен тығыз байланыстарыңыз бар, халықтың мүддесін қорғайсыздар, проблемаларын білесіздер. Сондықтан сайлау науқаны әрқайсымыз үшін аса жауапты жұмыстар кезеңі болып саналады

Ал, Орталық сайлау комиссиясы республикалық бюджеттен 12 млрд теңге сұрап отыр. Қаражат кезектен тыс президент сайлауын өткізу үшін қажет. Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. Ол қазір үкіметтің резервінде 51 млрд теңге бар екенін де атап өтті. Вице-министр аталған сомма қысқаруы да ықтимал екенін ескертті.  

Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Бөлінетін қаржы деңгейі азаюы ықтимал, оны есептеулер кезінде нақтылаймыз. Қаржының 70 пайызы сайлау округтерінде жұмыс істеуге тартылатын адамдардың еңбекақысы. Егерде, барлық есептеулер ұсынылса, біз екі күннің ішінде талдау жүргізіп, қортындысын жасауға дайынбыз. Былтыр талқылау кезінде 2020 жылға 8,8 млрд теңге қарастырылған еді. Алайда, ең төменгі еңбекақының артуына байланысты өсім болды. 

Н. Біләл