Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаламқас кен орында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілді

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2019
  • 3123

Қаламқас кен орында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлайды. Зерттеу тобымен ауа, топырақ, және судан сынама алынған. Нәтижесінде ауаға формальдегид пен түтін, метан, аммиак, фенол тарағаны анықталды. Ал, топыраққа мыс пен темір шамадан тыс сіңген. Тексеріс нәтижесінде облыстық Экология департаменті 4 бірдей әкімшілік іс қозғады. Айпұл көлемі 1,5 млрд теңгеден асады. Еске салайық, 25 наурызда «МаңғыстауМұнайГаз»-ға тиесілі «Қаламқас» кенішінде ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метр аумақта биіктігі 10 метрге жететін грифон өртенді. Қызыл жалын үш күүнен соң әрең сөндірілді.   

М. Бақытқызы