Русский Сайттың толық нұсқасы

«Құтты мекен» жобасын жүзеге асыруда жемқорлыққа жол берілмейді - Н.Баймұрзаев

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2019
  • 4115

Келешегі бар елді мекендердің еңбек етіп, жақсы өмір сүруге әлеуеті де бар. «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп, «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған. Игі бастаманың шарапатын жақында павлодарлықтар көреді. Керекуде апатты баспананың орнына жаңа көпқабатты үй бой көтеріп жатыр. Құрылыстың сапалы әрі уақылы орындалуын жауаптылар бақылауға алған. 

Осы уақытқа дейін апатты үйде тұрып келген 80-ге жуық адам енді жаңа баспанаға көшеді. Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында 9 қабатты үй бой көтеріп жатыр. Көп қабатты үйде 72 пәтер бар. Былтыр құрылысы басталған нысан жауапсыз мердігер кесірінен тоқтап қалған еді. «Құтты мекен» жобасы арқылы құрылысы жанданған баспана 7 шілдеде тұрғындарға берілмек.  

Бауыржан БЕКМҰРЗАЕВ, «САН ТЕХ ПЛАСТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Енді өздеріңіз көріп тұрғандай, 9-қабат бітіп тұр. Ішкі жұмыстарын атқарып жатыр. Менің ойымша, сол берілген уақытқа бітіреді деп сенемін.  

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту кезінде жемқорлыққа жол берілмейді. Өңірлерде бой көтеретін нысан құрылысын арнайы мониторингтік топ бақылайды. Жобаға жауапты инспекторлар да бекітілген. Олар бұдан бөлек, тұрғындар ұсынысын ескеруге міндетті. Осылайша бастама рет-ретімен іске асып, ауылдарды дамыту қарқын алады.  

Нұрлан БАЙМҰРЗАЕВ, «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Ең бірінші мақсат - уақытында, сапалы объектілерді салу керек. Екіншіден оны салған кезде заңсыздық, сыбайлас жемқорлық, ұрлықтар мен басқа өтінішті жағдайлар болмауға тиісті.   

Бас партия съезінде Елбасы бұл істе алдымен ауылдарда интернат тұрғызу қажеттігін атап өткен. Балалар сапалы білімі мен медицинасы бар жерде өсуі қажет, деген.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Мы должны превратить наши села в точки роста и устойчивого развития. Там нужно возводить жилье, строить дороги, коммуникации, социальные объекты, развивать малый и средний бизнес. И сюда будут стремиться люди из неперспективных сельских населенных пунктов. У села есть потенциал зарабатывать и достойно жить.  

Осылайша 7,5 млн ауыл халқының жағдайы жақсармақ. Елді мекендер ауыз сумен қамтылып, жол құрылысы басталады. Бұл бастамалардың іске асуы «Құтты мекен» жобасы арқылы бақылауға алынған. Демек, әлеуметтің әлеуетіне деп бөлінген миллиондар тиімді жұмсалмақ.  

А. Бектас