«Біз сайлауға қатысамыз!» Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде осындай ұранмен студенттік форум өтті. Сайлауды мезгілінен бұрын өткізу туралы Президенттің шешімін қолдаған жастар- өз замандастарына үндеу жолдады. Студенттердің басым бөлігі сайлауға бірінші рет қатысқалы отыр. Десе де олардың шешімі- елдің болашағы үшін аса маңызды.
Нұрбол АШИМОВ, С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ 2 КУРС СТУДЕНТІ:
Кезектен тыс сайлау бұл дұрыс шешім және дер кезінде қабылданған шешім деп санаймын. Жастардың барлығы осы сайлауға қатысатынына және дұрыс таңдау жасайтынына мен сенемін. Өзім сияқты жастарды. Барша Қазақстандықтарды 9 маусымда сайлауға келіп, өз дауыстарын беруге шақырнамын.
А. Өмірзақ