Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2017
  • 3034

«Астана - рухы мықты адамдардың қаласы». Елордада осындай ұран аясында ерекше спартакиада өтті. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған акцияға мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Олар футбол, шахмат, теннис, дойбы сияқты бірнеше спорт түрлерінен күш сынасты. Бірінші топтағы мүгедек Серікбай Аушановтың тенниспен айналысып жүргеніне 10 жылдан асқан. Абайсызда пойыздың астына түсіп, өндірістік жарақат алған жігіт екі аяғынан айрылса да, өмірге деген құштарлығын жоғалтпаған.  

Серікбай Аушанов, қатысушы:

Бұл жарысқа теннис пен пауэрлифтинг бойынша қатысамын. Аптасына үш рет жаттығуды әдетіме айналдырғанмын. Уақытымның көп бөлігін спортқа арнаймын десем де болады. Қай жерде жарыстар ұйымдастырылса да, қалмауға тырысамын. 

Мұндай жарыстар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге талпынысын арттыруға сеп болады. Сондықтан спартакиадаларды  ұйымдастырудың маңызы зор, -дейді  «Нұр Отан» партиясының  өкілдері