Русский Сайттың толық нұсқасы

Кінәлі жасөспірім жауапкершілікке тартылмайды. Ал оған кілтті кім берген?

  • AstanaTV
  • 13 сәуір 2019
  • 3239

Қыршыннан қиылған жас. Іске асырылмай қалған жоспарлар. Болашағына деген үміт пен сенім. Нәзіктігіне қарамастан, Саида өте қайсар мінезді, білімге құштар жан еді. Қытайда жоғары білім алып, Қызылордадағы ірі компаниялардың бірінде еңбек жолын бастаған ол тұрмысқа шығамын деп жүрген еді... 22 жастағы бойжеткенді 2019 жыл қарсаңында 14-тегі жасөспірім көлігімен қағып өтеді. Саида есін жимастан мерт болды. Әп-сәтте қызынан айрылып, қайғы жұтқан отбасын жұбатудын орнына кінәлі тарап дөрекі сөйлеп кеткен көрінеді. Адам өмірін қиған оқушы жазасыз қала береді.  

Әбдібек ЖАНАЗАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Қазақстан республикасының Қылмыстық Кодексінің 345 баптың 3 бөлігімен тіркелген қылмыстық іс негізінде кәмелетке толмағанның кінәсі толығымен қылмыстық іс құжаттарымен дәлелденген. Алайда соңғының жасы он алты жасқа толмауына байланысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған. Қабылданған процестік шешім облыс прокуратурасымен келісілген.

Ал баланың анасы... Ол да жауапкершікке тартылмайды деді.  

Әбдібек ЖАНАЗАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында көлік құралын қасақана беру дерегі анықталмауына байланысты және дәлелдемелерді жинақтауда барлық мүмкіншіліктердің сарқылуына сәйкес 5 сәуір 2019 жылы Қазақстан Республикасының қылмыстық процестық кодексының 35 баптың 2 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды.

Сания АБДУЛЛАЕВА, МАРҚҰМ САИДАНЫҢ ӘПКЕСІ: 

6 сәуір күні Қызылорда облысының тергеу басқармасының бастығы бізді шақырып алып, оқушының анасына 349 бапмен тергелген іс қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан жабылады, деп хабарлады. Ал баланы қаншама рет осы көлікті айдап жүргенін көрген куәгерлердің айғақтары ше деп сұрағанымда, олардың сөздері салмақсыз деді. Және де сол 28 желтоқсан күні анасы ұлына көлігінің кілтін беріп жатқанды баяндап беретін куәгер керектігін айтты. Сонда біз жол көлік оқиғасы орын алатынын біліппіз бе? Оны білсек жол беріп қояр ма едік?

 6 сәуірде солай дегенімен, 10 сәуірде істі тоқтату туралы шешімнің күші жойылып, қылмыстық іс облыстық прокуратурамен қосымша тергеу жүргізу үшін кері қайтарылды деп тағы хабарласады.  

Бауыржан АЗАНОВ, АДВОКАТ: 

Керекті барлық дәлел-айғақтың бәрі жиналды деп ойлаймыз, бәрі бар, сотқа тапсыруға, материалды тапсыруға барлық негіздемелер бар, жиналып тұр. Негізі бір керемет тергеу жасап қажет емес. Онда бәрі жазылып тұр: рульге мінді ме, тепті ме көлікті – болды, көліктің иесі жауап береді деген. Сөйтіп жазылып тұр заңда. Соңдықтан көліктің иесі жауап беруге тиіс қазіргі таңда.

Тергеу басқармасының басшысы Жаназаров журналистерге берген сұхбатында тергеу барысында 14 жастағы оқушының жолға шығып 4 рет көлік айдағаны анықталғанын айтты. Оған байланысты Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 612 бабының 5 бөлігіне сәйкес шара қолдану үшін тиісті құжаттар әкімшілік полицияға жаңағы қылмыстық істен бөлек толтырылып жолданған...