Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2019
  • 3564

Былтыр жұмыс берушілерден азаматтардың пайдасына 2 жарым млрд теңгеге жуық қарыз өндірілген. Бұл - Бас прокуратура мен Үкіметтің еңбек дауларын шешуге байланысты бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі. Мұны бүгін Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Тұңғыш Президентпен кездесуінде мәлімдеді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің қылмыстық заңнамасын ізгілендіру мен түрмеге қамалғандардың әлемдік рейтингінде Қазақстанның беделін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы да баяндады.  

Ғизат НҰРДӘУЛЕТОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫ:

Ізгілендіру жұмыстарының аясында бас бостандығынан айрылғандардың саны 24 пайызға, ал тұтқынға алынғандардың үлесі 42 пайызға азайды. Осының арқасында Қазақстан 1 жылдың ішінде түрмеге қамалғандардың әлемдік рейтингінде 12 позицияға көтерілді.

Д. Қайыртай