Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылы қазақ-өзбек арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетпек

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2019
  • 4813

Келер жылы қазақ-өзбек арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жетпек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде белгілі болды. Орта Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікте де саясаттары бір арнада тоғысты. Тараптар Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруге мүдделі. Ол үшін бірқатар жобаларға қолдау білдірмек. Ташкенттен тілшіміз Абай Сейфулла баяндайды.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысының шақыртуымен барды. Алғашқы мемлекеттік сапарды «Өз ағамыз» көретін бауырлас елге жасаудың символдық мәні бар екенін екі ел президенті де атап өтті. Түске дейін кеңейтілген және жеке кездесулер өтті. Бірлескен мәлімдемеде Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттік өкілеттігімен құттықтады. Қос мемлекеттің достығында Нұрсұлтан Назарбаетың еңбегі зор екенін айтты.

Шавкат МИРЗИЕЕВ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен Қазақстанның дамуы, азаматтық қоғамның қалыптасуы, бәсекеге қабілетті елдің қалыптасуы тікелей байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаевты алғашқы мемлекеттік сапарын Өзбекстанға жасағанын жоғары бағалаймыз. Бұл бұған дейінгі қос елдің стратегиялық байланысын бұзбай, одан әрі тереңдетеді деп сенеміз. Қазақстанмен барлық саладағы байланысымыз Өзбекстанның сыртқы саясатының ең маңызды тұстарының бірі екенін айтқым келеді.

Ауғанстан Ислам Республикасын қалпына келтіруде атсалысуға екі тарап та мүдделі болып отыр. Атап айтқанда көліктік қатынас, білім, денсаулық сақтау салаларында ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Қазақстан Президенті 2020 жылы Ташкентте өтетін Ислам қатынастары ұйымдарының саммитіне қолдау білдіретінін айтты. Сарапшылар бұл шешімнің Қазақстанның бейбітшілік жолымен даму позициясын нақтылай түседі дейді.

Санат КӨШКІНБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өзбекстан қазіргі уақытта сыртқы саясатта белсенділік танытып отыр. Мақсат - Ауғанстанды көрші елдермен, Орта Азиямен экономикалық тұрғыда байланыстыру. Қазақстан бұл әрекетті қолдайды. Біз бұрыннан экономика саласында әріптес болғанын қалағанбыз. Сонымен қатар бұл Ауғанстанның бейбіт жолмен дамуына қосқан үлесіміз болмақ.

Ал Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы сауда айналымы 2020 жылы 5 миллиард долларға жетпек. Бұдан бөлек әуе шабуылдарына бірге қарсы күресуге, заңсыз миграцияға тосқауыл қоюға келісім жасалды. Халықаралық сауда-экономикалық орталығын құру үшін меморандумға қол қойылды. Арал теңізін құтқару, су ресурстарын үнемдеу де күн тәртібінен түскен жоқ. Сырдария суын бірге пайдаланып отырған халықтар үшін бұл сұрақтың аса маңызды екені рас.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Особое внимание было уделено вопросом развитие экономических связи. Казахстан и Узбекистан занимают ведущие позиции в Центарльной Азии в торгово-экономической сфере. На нашу долю приходится поряда 50 процентов всей внутренно- региональной торговли. Для поддержания столь высокого поддержания показателя нами предпринимаются и будут предприниматься самые различные меры.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Екі ұлтты ортақ тарих байланыстыратынын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті де Қазақстанға шақырды. Өзбекстан басшысының ол сапарында бүгінгі келісімдер бойынша жасалған жол картасының қорытындысы талқыланбақ. Ал Қазақстанның Өзбекстандағы жылының өтуі рухани-мәдени байланысты одан әрі нығайта түседі. Бүгін Дінішевтен бастап, Димашқа дейін Ташкент аспанын әуендетпек.

А. Сейфулла