Русский Сайттың толық нұсқасы

Мысырда президент мерзімі 4 жылдан 6 жылға дейін ұзартылмақ

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2019
  • 2687

Мысырда президент мерзімі 4 жылдан 6 жылға дейін ұзартылмақ. Бұл туралы «Риа Новости» елдің мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасап хабарлады. Күні кеше парламент конституцияға енгізілген өзгерісті мақұлдаған. 43 депутат келіссе, 7-і ғана қарсы болған. Президенттің басқару мерзімін ұзартудан бөлек елде парламенттің жоғарғы палатасы құрылып, президентке орынбасарларын тағайындау құқы берілмек. Қазір тақта елдің алтыншы президенті Абдель Фаттах Ас-Сиси отыр. 63 жастағы саясаткер 2018 жылғы сайлауда жеңіске жеткен еді.