Русский Сайттың толық нұсқасы

Каталония тәуелсіздігін жариялаған соң, Испанияның бірлігін жақтаушылар көшеге шықты

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2017
  • 2706

Испанияда жағдай шиеленісе түсті. Каталония өз тәуелсіздігін жариялаған соң, премьер министр Рахой "тәуелсіз елдің" үкіметін биліктен шеттеткен. Каталонияға басшы болып Испанияның вице-премьері тағайындалды.

Калес Пучдемон мен жақтастары биліктен аластатылды. Алайда ол орнын босатуға асықпайтын сыңайлы. Барселонада жағдай қалыпқа түскендей. Бірер күн бұрын Каталонияның тәуелсіздгіне қарсы тұрғындар қала көшелеріне шықты. Адамдар "Пучдемонды түрмеге жабыңдар" деген жазуы бар плакаттар ұстап жүрген. Осыған қарағанда, олар 1 қазанда өткен тәуелсіздік референдумына қатыспағандар болса керек. 

Диана САПАРҚЫЗЫ