Мектеп формасын тігетін отандық кәсіпорындардың нарықтағы үлесін 20%-ға дейін арттыру қажет. Елордада өткен көрмеде жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының өкілі осындай ұсыныс айтты. Өйткені өндірушілердің сату нарығындағы үлесі небары 7%-дан да аспайды. Ал кәсіпкерлер бұл істегі басты проблема - мектеппен байланыстың жоқтығы, дейді. Отандық киімнің сапасы стандартқа сай, бағасы қолжетімді болғанмен, сұраныс әлі де аз. Қазір елдегі компаниялар 1 оқушының мектеп формасын 8 800 теңгеден бастап саудалап жатыр.
Әсем ЖҰМАТАЕВА, ҚР ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Елдегі кәсіпорындардың ішкі нарықты қамтуға мүмкіндігі жетеді. Сондықтан мектеп формасын тігетін отандық өндірушілердің үлесін 20-30 пайызға арттыруды ұсынамыз. Біз жеңіл өнеркәсіпті мектеп формасының сапасын одан әрі жақсартып, шикізат өндірісін реттеу арқылы дамыта аламыз.
А. Бектас