Семей ядролық полигонына экскурсия 200-230 мың теңге тұрады. Облыстық монополияны реттеу департаменті бұл баға тым қымбат деп, Ұлттық ядролық орталыққа қатысты тексеріс бастады. Былтыр Семейдегі полигонды 100 шетелдік турист тамашалаған. Бұл технотуризм деп аталады. Қызықтаушыларға арнап үш маршрут жұмыс істейді. Курчатовтағы музейді аралау. Сынақ алаңын және ядролық өзенді көру. Ол жарылыстан кейін суға толып қалған шұңқырлар.
Валерия ТОПОЛЬНЯК, ТУРОПЕРАТОР:
Қазақстанға туристер мүлде келмейді. Тур қымбат. Бағаны түсіру мүмкін емес. Ядролық орталыққа полгонды ұстап тұру қымбатқа түседі. Мемлекеттің көмегі, жобаны жарнамалап, халықаралық нарыққа шығару.
Туризм басқармасы топтап саяхаттау арқылы бағаны түсіруге болады дейді. Мысалы 6 адамнан тұратын топ әрқайсы 53 мың теңге төлейді. Әзірше айлақты бірен-саран адам ғана аралайды. Гид пен дозиметрист бірге жүреді. Полигондағы радиация қауіпі ренгтен кабинетімен бірдей. Ұлттық ядролық орталық 3 туропертормен жұмыс істейді.
Марат КАБАКОВ, ШҚО ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Ұлттық орталық үш тур операторға да туристік маршрутты ұйымдастыруға көмектеседі. Дозиметрист, гид басқа да мамандар беріледі. Ұлттық орталық туризимнің дамуына мүдделі.
М. Бақытқызы