Русский Сайттың толық нұсқасы

БАҚ-қа сыра мен шарапты жарнамалауға рұқсат беріледі

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2019
  • 4790

Сыра мен шарап өнімдерін ақпарат құралдарында жарнамалауға қайта рұқсат берілуі мүмкін. Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Нұргүл Мәуберлинова осылай дейді. Қазақстанда 2004 жылдан бастап «Жарнама туралы» заңда алкоголь жарнамасына тыйым салынған. Вице-министрдің айтуынша Еуразиялық одақ елдерінде мұндай тәжірибе жоқ. Демек, нарыққа қатысушылар үшін алғышарттар тең емес дейді. Сонымен заң тұжырымдамасында телеарналар сыра мен шарапты түнгі 10-нан таңға 6 ға дейін көрсете алады. Газет пен журналда бірінші және соңғы беттен басқа барлық жерде жарнамаға рұқсат.  

Нұргүл МӘУБЕРЛИНОВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бізге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ-тан көп ұсыныс түсті. Онда отандық өндірушілерді қолдау және БАҚ-қа табыс табу керегі айтылады. Ұсынылып отырған норманың негізгі мақсаты - отандық БАҚ-қа қолдау жасау, өйткені БАҚ көптеген субъектілері жарнамалық қаржы есебінен күн көріп отыр.

М. Бақытқызы