Русский Сайттың толық нұсқасы

«Басым ауырады. Не істесем болады?» Қоғамдық сана туралы...

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2019
  • 4532

Париждегі Нотр Дам соборының өртенуі. Франция үшін рухани трагедия. Христиан әлемі үшін. Сонымен бірге дүниежүзілік архитектураның жарқын үлгісі ретінде бүкіл әлем «қап, қандай өкініш» десті. Қазақстандықтар да көңіл білдірді. Бұл, саясаттанушы Ерлан Саировтың айтуынша, еліміздің дүниежүзілік социо-мәдени процестерге кіріккенін, сондай-ақ, азаматтық үнін білдіреді. "Бірақ,- дейді саясаттанушы,- біз өкінішімізді әсірелеп көрсете бастадық. Жасанды сияқты. Қайбір әкімнің қатты күйзелгеніне тоқтала келе, ішкі проблемаларға сөйтіп күйсек қанекей?"- дейді. Тіпті жерімізде қаншама архитектуралық ескерткіштердің қирағалы тұрғанын жазады.    

Осы жерде Bauyrzhan Serikbayev есімді фейсбук қолданушының жазбасын параллель қойғым келеді. Алдымен Инстаграм желісінде белгілі бір адамнан ақыл-кеңес сұрайтын жандардың қандай сауалдар қоятынын тізеді: Көп ойлана беремін. Қалай қойсам болады? Басым ауырады. Не істесем болады? Бай болу үшін не істеу керек? – осылай кете береді. Одан әрі былай дейді: Қазақ көршісін де, жездесін де, құдасы мен ағасын да, апасын да бар тақырыпта тыңдай береді. Оның экономикадан сауаты бар ма, бизнестен xабары бар ма, жалпы айтып отырған тақырыпта тәжірибесі бар - жоғына қарамай кім көрінгенге сенгіш ,әрі тыңдай беретін менталитеттің деңгейінде жүр. Егер ел таныған әнші, не жұлдыз болсаң өмірдің бар саласын жілікше шағатын ақылды адам деп ойлайды ғой деймін. Менің ойымша мына деңгеймен біз Европа мемлекеттерінің өркениетті қоғамына алдағы 50-60 жылда жете алмаймыз. Екінің бірінде диплом болса да жалпы xалықтың кругозоры, деңгейі мен ойлағаннан да әлдеқайда артта қалған. Сенгіш, әркімді бір тыңдай беретін, оң мен солын танымай адамзаттың даму деңгейінен соншалық артта қалған қоғамымыз бар. Өкінішті...