Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда ұлы даланың көне сарындары қайта жаңғырды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2019
  • 2609

Оралда ұлы даланың көне сарындары қайта жаңғырды. Елімізге танымал дәстүрлі әншілер мен жыршы-термешілер, күйшілер өнерсүйер қауым алдында талантын паш етті. Бабалар мұрасын жаңғыртуды көздеген бұл жоба «Nur Otan» партиясының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. «Ұлы даланың көне сарындары» деп аталатын дәстүрлі музыка фестивалі бұған дейін еліміздің алты қаласында сәтті өтті. Өнер кеші Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған құнды идеяларды дәріптеуге бағытталған. Партиялық жоба Оралдан кейін еліміздің 15 қаласында жалғасын таппақ. Рухани-тәрбиелік маңызы жоғары өнер бәйгесі Жетісу жерінде қорытындыланбақ.   

Серік СҮЛЕЙМЕН, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мұның негізгі мақсаты біздің ұлттық фольклорымызды, ұлттық музыкамызды, өнерімізді, біріншіден, дәріптеу. Екіншіден, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру бағытында жасалып жатқан іс-шаралардың бірі.

Е. Карин