Русский Сайттың толық нұсқасы

Самал жел: Қазақ-корей қатынастары жаңа деңгейге шығады

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2019
  • 5531

Самал жел! Қазақстан мен Корея өзара қабылдаған жаңа бағдарлама осылай деп аталды. Астанаға ресм сапармен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин табан тіреді. Тараптар бірнеше салада қоян-қолтық жұмысістеуге уағдаласты. Тіпті, қазақ-корей IT орталығын салуға да келісті. Ақордадан Абай Сейфулла жалғастырады.   

Сарыарқаға «Салқын самал» ала келген Корея Республикасы Президентінің ұшағы кеше қонған. Биыл екі ел стратегиялық байланыстың 10 жылдығын атап өтеді. Бұған дейін экономикалық қатынаста корей тарапын Қазақстан тек шикізат өндіруші, мұнай, газ экспорттаушы ретінде қызықтырса, енді цифрландыру, айти, жасыл энергия бойынша ынтымақтастықты нығайтпақ. 5G интернетін енгізуде, big дата технологияларында тәжірибе алмаспақ. Келешектің еншісіндегі жаңа салалар болғандықтан да жаңғыртылған экономикалық келісім «Самал жел» аталса керек.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Нами рассмотрен вопрос об активизации взаимодействие нами банков и финансовых институто что позволит стимулировать возможности малого, среднего бизнеса. В этом контексте я предложил активизировать деятельность финансовых институтов и деловых кругов Республики Кореии на площадке на финансовом центре Астана, с тем чтобы исползовать эту площадку для выхода на рынок Центральной Азии.

Қазақстан Оңтүстік Кореяға ядролық қарудан бас тартқан бейбітшілік сүйгіш ел ретінде үлгі. Себебі олар да денуклеризация, яғни, қарусаздындыру арқылы дамуға ұмтылуда. Бірлескен мәлімдемеде ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатқа пайдалану бойынша да келісім жасалды. Елордада Хайвил тұрғын үйін сәтті салған серіктес ел құрылыс саласында тағы біраз жобаны жоспарлап отыр екен.  

Мун Чжэ ИН, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Осы сапар аясында үлкен Алматы айналма автожолының құрылысына кірістік. Бұл Оңтүстік Кореяның қатысуымен жүзеге асып отырған мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктегі алғашқы жоба. Кеше тиісті компаниялардың қатысуымен автомобиль өндіретін зауыт салуға да келістік. Денсаулық сақтау саласында электронды медицина, мамандармен, технологиялармен алмасу сияқты жобаларды бастамақпыз.

Қазақ-корей тауар айналымы 1992 жылдан бері 220 есеге өсіп, бүгінде 4 млрд долларға жақындаған. Тікелей инвестициялар 7 млрд долларды құрайды. Бізде Оңтүстік Кореяның бірлескен 400 өндіріс орны жұмыс істейді. Егер Елордада халықаралық IT орталығы ашылса, жасанды интеллект, жаңа заман технологиялары Қазақстан медицинасын алға жылжытады. Біздің тарап дәл осы денсаулық сақтау мен медицинадағы ұсыныстарға ерекше ынта білдіріп отыр.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Только что я вам сказал что он имеет огромное значение с точки зрение дальнейшего развития, сотрудничество между нашими странами. Как Президент Республики Казахстан я буду содействовать дальнейшому укреплению данного сотрудничества, привлечение корейских инвестицию и технологию в нашу страну.

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ: 

Осыдан 80 жыл бұрын саяси себептермен мыңдаған кәрістер Қазақстанға жер аударылған. Олардың ішінде корей халқының тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтар да болды. Мемлекеттік сапарында Оңтүстік Корея басшысы Мун Чже ИН осында жерленген екі корей батырының сүйегін еліне қайтарды. Оның бұл ісін ізгі миссия деп бағалаған Қасым-Жомарт Тоқаев Сталиндік жүйе тұсындағы корей жұртының тағдыры туралы кітапты сыйға тартты. Қазір Қазақстанда 100 мыңнан астам этникалық корей тұрады. Сондықтан екі жақты терең түсіністік пен мәдени-рухани байланыстың маңызы зор екенін қос ел басшысы да айтты.

А. Сейфулла