Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ-корей бизнес-форумы аясында 32 маңызды құжатқа қол қойылды

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2019
  • 3926

Сондай ақ бүгін, Қазақ-корей бизнес-форумы аясында 32 маңызды құжатқа қол қойылды. Инвестициялық қаржы көлемі 3,2 млрд доллар. Енді елімізде кореялық технологиялармен жабдықталған бірнеше медициналық мекеме ашылады. Осылайша ТМД елдері аясында Қазақстанда медициналық туризмді дамытуды көзделіп отыр. Нұрсұлтұл Біләл тарқатады.   

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ: 

Қазақстан - Оңтүстік Корея бизнес форумына 2 ел тарапынан 500-ге тарта бизнес өкілі қатысты. Онда машина жасау медицина, химия өнеркәсібі, құрылыс және басқа да басымдықты салаларға көңіл бөлінді. Форум барысында 3 млрд 200 млн АҚШ доллары соммасындағы келісімдерге қол қойылды. Жалпы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында инвестиция қорғау туралы келісіміге 1996 жылы қол қойылған еді. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 7 млрд АҚШ долларына тарта инвестиция құйған.

Қазақстан-корея медицина саласында да әріптестік орнатқан. Бүгінде Алматыда үш оңтүстік кореялық клиника бар. Енді жекеменшік клиникалар Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында бой көтереді. Бір мыңдай жұмыс орыны ашылады. Жоба құны 50 млн доллар.

Хан Джин Ким, «MEDICAL PARTNERS KOREA» ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

Жақын арада Қазақстанның бас қаласы мен Алматыда Оңтүстік Корея технологиясымен жұмыс істейтін клиника құру жоспарланып отыр. Біздің есебіміз бойынша жылына 300 мың пациентке қызмет көрсету мүмкіндігі болады. Жалпы бұл жобамен қоса дәрі-дәрмек шығарып, әр түрлі зерттеулер жүргізетін боламыз.

Бұл дегеніміз түрлі ота ждасату үшін, Сеулге сабылудың қажеті жоқ деген сөз. Бүгінгі таңда кореялық дәрігерлер Қазақстанның ең ірі медициналық оқу орындарында сабақ береді. Сондай-ақ, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде оңалту бөлімін ашу мәселесі қаралуда. Ал еліміздің денсаулық сақтау министрі фармацефтика саласында да қарым қатынасты нығайту керек деп отыр.  

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

50-ден астам ұзақ мерзім келісім шарттар қол қойылған отандық фармацевтикалық компаниялармен. Бірақ бұл инвестицияларды іске асыру үшін әрине халықаралық инвестиция тарту қажет. Сондықтан біз ойлаймыз осы бағдарлама бойынша Кореядан инвестиция тарту мүмкіндігі зор.

Жалпы елімізде тіркелген мыңға жуық қазақ-корей компанияларының тең жартсы жұмыс істеп тұр.   

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ: 

Айта кету керек, кеше Алматы қаласында Хюндай зауытының құрылысы бастау алды. Алғашқы кірпіш қалау салтанатына қала әкімі Бауыржан Байбек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр сонымен қатар, Корея Республикасының сауда, өнерәсіп және энергетика министрі Сон Юн Мо қатысты. Зауыт алғашқы темір тұлпарларын келесі жылы нарыққа шығарады. Жобаның жалпы инвестициялық құны 25 млрд теңге. Осылайша, аталған зауыт арқасында 700 қазақстандық жаңа жұмыс орынмен қамтамасыз етіледі.

Н. Біләл