Русский Сайттың толық нұсқасы

ЧЛ аясында 3 бірдей команда плей-офф кезеңіне өтетін жолдамадан айырылды

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2017
  • 2096

Чемпиондар Лигасы аясында тағы екі команда плей-офф кезеңіне жолдама алды. Төртінші турдан кейін «Манчестер сити» ойыншылары келесі кезеңге өтіп отыр. Көк ала киімдегілер «Наполиді» 2:4 есебімен тізе бүктіріп, 12 ұпай жинаған. Өз алаңында «Тоттенхэм де» 3:1 есебімен жеңісін сақтап қалды. Реал сапындағы Криштиану Роналдудың 80-ші минутта соққан голы испандық клубты жеңіске жетелей алған жоқ. Енді олар өзге 25 клубтың қатарында. Күресті жалғастырудан 3 команда шеттеп қалды.



Ал құрлықтық хоккей лигасында плей-оффтың ауылы алыс. «Барыстың» бұрынғы бапкері жаттықтыратын «Слован» Астана алаңында ұпай еншілеуге тырысқан еді. Алайда, айдын қожайындары соңғы 5 минутта 3 шайбы соғып, ойын тағдырын шешіп тастады. Найджел Доус осымен екінші мәрте 3 голды қатарынан соғып көзге түсті. Барыс кесте турнирінің екінші сатысында.