Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас партия ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдап үлгерді

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2019
  • 8308

Бас партия ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдап үлгерді. Ол ел президинттігіне үміткердің соңғы 15 жыл бойы елде тұруына байланысты талапқа ресми түсіндірме беруді сұрап отыр. Еңбек жолының біршамасын шет елдегі дипломатиялық қызметтерде өткізген ол елден тыс жерде тұрған уақытын сол мерзім ішіне жатқызуға бола ма деген сауал жолдады. «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткердің қызмет жолына қысқаша шолу.    

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ:  

«Nur Otan»партиясы ұсынып отырған кандидат Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бір мүшел кіші. Дегенмен саяси, дипломатиялық тәжірбиесі өте мол. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет жолын 1975 жылы Сингапурдағы Кеңес одағының елшілігінде бастаған. Ол Тәуелсіз Қазақстанның сырты саясатын қалыптастырған, халықаралық саяси аренада ерекше орны бар тұлға.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап, елбасының қасында жүріп көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Еліміздің сыртқы және ішкі саясатын жақсы біледі. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағытын одан әрі тиімді жалғастырып еліміздің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.  

Тоқаев он жылдай Қазақстанның сыртқы істер министрі болды. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы ретінде ядролық қаруды таратпауға атсалысты. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының орынбасары әрі сол ұйымның Женевада орналасқан Еуропалық бөлімшесінің жетекшісі қызметін атқарды.  

Бірғаным ӘЙТІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол астында жұмыс істедім. Адамның қандай екенін білгің келсе, әріптестерінен сұра дейді ғой. Мен Тоқаев мырзаның әр уақытта шындық үшін күресі мен адал қызметінің куәгері болдым.  

Соңғы бір жарым айда Президент қызметінде болған Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жұмыс істеді. Үкіметке бюджет саласы қызметшілердің еңбекақысын көтеруді 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастау туралы тапсырма берді. Үкімет пен Ақмола облысының әкіміне Қосшы аулын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. «Көк Жайлау» тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Ұлттық банкке пайыздық үстемені азайтуды айтты. Ысырапшылықты сынға алды. Осының бәрі Туиттерде жарыққа шығып жатты. Тоқаев туиттермен бұрыннан «дос». Өзге шенеуніктерді де әлеуметік желі арқылы әлеуметке жақын болуды үндеді.   

Нұрсұлтан БІЛӘЛ, ТІЛШІ:  

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы белгіледі. Енді партия атынан президенттікке үміткер 11-ші мамырға дейін 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс. Жоспарға сәйкес, ҚР Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан келесі күні, яғни, 2019 жылғы 10 сәуірде басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады. Ал сайлау күні 9 маусымға белгіленген. 

Н. Біләл