Русский Сайттың толық нұсқасы

Индонезияда сайлаушылардың даусын есептеймін деп сайлау комиссиясының 54 өкілі қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2019
  • 3475

Индонезияда сайлаушылардың даусын есептеймін деп сайлау комиссиясының 54 өкілі қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті «Tempo» агенттігі хабарлайды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ариф Будиманның айтуынша, олар сәуірдің 17-сі күні өткен жалпы сайлауда қатты шаршап, шыдамай көз жұмған. Индонезиядағы бұл жолғы сайлау әлемдегі ең ірі саяси науқан болып тіркеліп отыр. Мұнда тек президент қана емес, жалпы саны 240 мыңға жететін қос палатаның депутаттары мен жергілікті заң шығарушылар сайланған. Ал науқанға бас-аяғы 155 млн-ға жуық адам қатысқан. 

Ә. Өмірзақ