Ауыл-аймақтарға қазақ радиоларының толқыны біртіндеп жеткізілетін болады. Бүгін «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді. Аудандарда радио толқынын қосу жөніндегі зағиптардың бұйымтайын Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жеткізді. Министр былтыр екі облыстағы осы мәселе шешімін тапқанын айтты. Ал Батыс Қазақстандағы проблеманы жақын арада реттеуге уәде берді.
Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
Қырғызстанның немесе Өзбекстанның радиосын тыңдаймыз деп мыңдаған сауал келген. Біз 2018 жылы осы екі өңірдің жалпы проблемасын шешіп, сол жерге радиопередатчиктер орнатып бердік. Ол бірте-бірте келетін нәрсе. Енді сіз айтқаннан кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша мәселені мен қолға аламын. Биыл, келер жылы бұл мәселені шешіп береміз деп ойлаймын.
Г. Меңдеева