Русский Сайттың толық нұсқасы

Дипломатиялық қызметпен елден тыс жерде тұру-азаматтықты тоқтатуға және тұрақты тіркелген мекен-жайды өзгертуге әкелмейді- КК

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2019
  • 2679

Дипломатиялық қызметпен елден тыс жерде тұру - азаматтықты тоқтатуға және тұрақты тіркелген мекен-жайды өзгертуге әкелмейді. Конституциялық кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтінішін қарастырып, осындай мазмұнда жауап қайтарды.Кеңес төрағасы Қайрат Мәми «Дипломаттар мен республика мүше болып саналатын халықаралық ұйымдарда лауазымды қызмет атқарған азаматтар ел сыртында уақытша ғана тұрады. Сондықтан тұлға Қазақстан азаматының барлық құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне ие болып қала береді»,- дейді. Бұл уақытта Орталық сайлау комиссиясы да отырыс өткізіп, Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке үміткерге қойылатын барлық талапқа сай екені туралы қаулы қабылдады.  

Сәбила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Конституциялық кеңес 15 жылдық мерзімге дипломаттардың қызмет бабымен шетелде тұрған уақыты да есептелетінін ұйғарды. Осылайша Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға қатысуына ешқандай кедергі жоқ.

Д. Қайыртай