Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттікке үміткер тағы бір кандидат белгілі болды

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2019
  • 3900

Президенттікке үміткер тағы бір кандидат белгілі болды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы атынан саяси додаға Жамбыл Ахметбеков түседі. Партияның кезектен тыс 14-ші съезіне жиналған 49 делегат үміткерді бір ауыздан қолдады.  

-Коммунистическая Народная партия Казахстана выдвигает кандидатом на выборах 9 июня 2019 года Ахметбекова Жамбыла Аужановича. 

2004 жылы іргесі қаланып, бүгінде қатарында 105 мыңға жуық мүшесі бар ҚКХП-сы да Президенттікке үміткерді таңды. Еңбек жолын 22 жасында механик болып бастаған Жамбыл Ахметбеков осы партияның Орталық комитеті хатшысы және Мәжіліс депутаты. Саяси додаға қосқан компартияның үмітін ақтауға дайынмын, дейді.  

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚКХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ХАТШЫСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Президенттік сайлауға партияның атынан үміткер ретінде мені ұсынды. Әрине, бұл үлкен сенім артқандығы. Бұл менің тәжірибемде бар.

Әріптестері Жамбыл Ахметбековті таңдауға бірнеше себеп барын айтады. Алдымен оның саяси тәжірибесі, білімі мен еңбекқорлығын ескерген. Бүгінде жасы 58 ден асқан кандидаттың 4 баласы бар, «киокушинкай каратэ-ден» қара белбеу, екінші дан иегері. 

Магеррам МАГЕРРАМОВ, ҚКХП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: 

Біздің партия құрылғалы сайлауға қатысып келеді. Бұл жолы да шет қалмайтынымызды білдік. Кім партия атынан үміткер болады дегенде барлығымыз бір ауыздан оны қолдадық. Ол өте білімді адам. Спортқа да жақын. Сайлау алды бағдарламаны халыққа қажетті дүниелерді ескере отырып, партияның саяси платформасы аясында құратын болады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ: 

2011 жылы өткен президенттік сайлауда Жамбыл Ахметбеков 1.36 пайыз дауыс жинаған болатын. Яғни, 112 мыңга жуык сайлаушы дауыс берген. Өткен сайлау үлкен тәжірибе болды деген кандидат, биыл жеңістен дәмелі. Айта кетсек, кандидаттарды тіркеу сәурдің 28-і аякталып, үгіт-насихат 11 маусымда басталады.

Ә. Өмірзақ