Қызылорда облысында 20 гектардан астам қараусыз қалған алма бақтары қайта қалпына келтіріле бастады. Онда алма, шие мен өрік ағаштары отырғызылып жатыр. Бұл туралы арнамызға аймақтағы табиғи ресурстар басқармасы хабарлады. Бақтарда «Белый налив», «Семиренко» және «Апорт» тұқымды жеміс ағаштарына әр ауданнан 2 гектар жер бөлініпті. Бұрынғы учаскелер шамамен 25 жылдай жұмыс істемеген. Енді арналар тазартылды, суару жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта алма бақтарының ауқымы тағы кеңеймек. Өңір болашақта алма экспортын қайта жолға қоймақ.
Файзолла СМАҒҰЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Талдыарал аймағына Қызылорда орман шаруашылық мекемесі 2 гектар жерге алма бағын егіп жатыр. Сонымен қатар, ертең бір гектар шие егіледі, бір гектар өрік егіледі. Барлық аудандарда биыл жеміс бағын өсіру әр ауданға яғни 8 районға 24 гектар жеміс бағын салуда. Совет дәуірі кезінде де алма егілген, 40 гектар жерге. Башқұртстанға дейін , Ресейге дейін осы Қызылорданың алмасы тасылған.
Д. Әлімқұл