Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлем геополитикалық қақтығыстардан шаршады - Н. Назарбаев

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2019
  • 3823

Әлем жұртшылығы қарама-қайшы геосаяси тұжырымдардан шаршады. Барған сайын геоэкономика мен бірлесе дамудың маңызы артып келеді. Пекинде «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Жобаға 150 ел қатысып отыр. Олар 6 жылда атқарылған жұмыстарды талқыға салды.  

Пекинге мәртебелі меймандардан Нұрсұлтан Назарбаев қана емес, Владимир Путин де ат басын тіреді. Елбасы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының сәтті іске асып жатқанын айтты. Оған бір дәлел -Қытай тауарларының Қазақстан арқылы Еуропаға небәрі 2 аптада жететіні.     

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Китайская мудрость гласит: хочешь стать богатым - построй дороги. И это в полной мере относится к нашей истории Шелкового пути. В последнее десятилетие надежды на единый процветающий глобальный мир сменились жесткими реалиями торговых войн и санкций. Но сегодня по итогам первого, я считаю, успешного этапа строительства «Один пояс, один путь» уже можно отметить успехи.

Қазақстан соңғы 10 жылда инфрақұрылымның дамуына, көлік-логистика активтеріне шамамен 30 млрд доллар инвестициялаған. Ол «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жобасы арқылы жүзеге асып жатыр. Ляньюньганда бірлескен логистикалық терминал тағы бар.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Мир явно уже сильно устал от конфликтных геополитических концепций, и все более тяготеет к геоэкономике и совместному развитию. «Один пояс, один путь» олицетворяет гораздо большее, нежели просто комплекс новых возможностей для экономического сотрудничества. Инициатива отражает сильный исторический запрос от более 120 государств мира на безопасность, широкую торговлю и процветание.

Геосаяси тәуекелдер мен қауіптер бар және болған. Ғаламдық экономикалық өсімге сауда соғысы мен басқа да қауіптер кедергі жасап отыр. Владимир Путин бұған қарсы тұрар тиімді жауап керек деп отыр. Ал протекционизмді қауіпті тренд деді.  

Владимир ПУТИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Ғаламдық экономикалық дамуды тежейтін, елдер арасындағы Әл-ауқат деңгейіндегі алшақтықты, технологиялық артта қалушылық қатерлерін бірлесе ғана шеше аламыз. Бұл жағымсыз тенденциялар терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға қолайлы жағдай туғызады. Бұл жаңа аймақтық қақтығыстарға әкелуі мүмкін.

Қытай сауда протекционизмімен күресуге, ал әріптес елдердің сенімінен шығу үшін юаньді құнсыздандырмауға, тарифті төмендетіп, импортты арттыруға уәде берді.  

Си ЦЗИНЬПИН, ҚХР ТӨРАҒАСЫ: 

Тұйықтық пен қызығушылыққа қарай эксклюзивті клубтарға енуден бас тарту керек. Оның орнына өзара инвестициялар салып, әріптестікті ашық етуіміз қажет. «Бір белдеу, бір жол» біз соқтығысуымыз мүмкін түрлі қатерлер үшін көмек болуы тиіс.

Белдеу мен жол бастамасын 150 ел мен халықаралық ұйым қолдап отыр. Аспан асты елі 6 жыл ішінде шетелдік инвестиция ретінде 90 млрд доллар құйды. Қытай банктері 200 млрд доллардың несиесін бөлді. Бірақ несиелік қақпаннан сескенген АҚШ пен кейбір Еуропа елдері қытайлықтардың мұндай жомарттығынан қауіптеніп отыр.  

Г. Меңдеева