Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия Сирияның 6 шақырымдай жерін басып алған

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2019
  • 3686

Түркия Сирияның 6 шақырымдай жерін басып алған. Оған қоса, лаңкестерге реактивті және химиялық қару жеткізіп отыр. Бұл туралы бүгін елордада Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқатала сала Сирия делегациясының басшысы Башар Джафари мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Сирия аумағындағы өзге елдердің әскери күштері шекара асып, елден кетулерін талап етті. Оның айтуыша ел үкіметі ресми түрде көмек сұрап, шақырмаған АҚШ әскерилері заңсыз аумаққа кірген. Ал, кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесі және Сирия бойынша қабылданған құжаттар талабын Түркия мүлде орындамайды дейді.  

Башар ДЖАФАРИ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ СИРИЯНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: 

Міне мынандай әдемі бірлескен мәлімдеме жасаймыз бірақ оны орындап, қол қойған құжаттардағы талаптарды орындамаймыз. Түркия Сирияның 6 мың шақырымнан астам жерін жауалап отыр. Олар лаңкестікпен күресті тек сөз жүзінде жүргізеді. Жеме-жемге келгенде керсінше лаңкестерге қару ұсынып, өз пайдаларын ойлайды. Егер мен өтірік немесе қате айтып отырсам Түркия делегациясы қарсы пікір білдірсін!  

Алайда, Түркия делегациясы бұл айыптарға кері жауап қатқан жоқ. Ал, кепілгер елдер халықаралық қауымдастықты Сирияға көрсетілетін гуманитарлық көмек шараларын арттыруға шақырып отыр. Әсіресе базалық инфрақұрылымдық нысандарды - су және электрмен қамту желілерін, мектептер мен ауруханаларды қалпына келтіруге баса назар аудару қажеттгі айтылды. Айта кету керек, Сирия бойынша Астана процесіне қатысуға Ирак пен Ливан да шақырылды. Ал келесі шілдеде өтетін жиында Сирияда конституциялық кеңес құру мәселесі шешімін табуы ықтимал.  

Мұхтар ТІЛЕУБЕРДІ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  

Тараптар Астана форматының бақылаушылар санын арттыру мәселесін талқылады. Кеңесе келе, Сирияға көрші елдер Ирак пен Ливанды - Астана процесіне қатысуға шақыру келісілді. 

Н. Біләл