Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар мамыр айында 12 күн демалады

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2019
  • 5978

Мамыр айында қазақстандықтар әдеттегідей 8 күн емес, 12 күн демалады. 1 мамыр - бірлік күні. Сәрсенбі күнтізбеде қызылмен белгіленген, яғни, демалыс күні. Бірақ сенбі, 4 мамыр жұмыс күні болып белгіленген. Ал бұл күнгі демалыс 10-шы мамырға шегерілді. 7 мамырда қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін тойлайды. Бұл - сейсенбі. Араға бір күн салып Жеңіс күні мерекесі. Аптаның төртінші күнінен бастап жексенбіге дейін 4 күн қатарынан демалыс болып белгіленген.