АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы билікке келгелі бері он мыңнан астам жалған мәлімдеме жасаған. Бұл туралы америкалық The Washington Post газеті жазады. Басылым дерегінше, Трамп президент болғаннан бері күн сайын кемінде бес рет өтірік айтады екен. Соңғы кездері президенттің өтірік айтуы жиілеп, бір күнде 23 жалған мәлімдеме жасайтын кездері де болған. Митингілер мен ақпарат құралдарымен өткен жиында Трамп қисынсыз мәлімдеме жасап көзге түсіпті. Фейк жаңалыққа жаны қас болып жүрген Трамп осылайша өз уәдесіне берік болмай отыр, деп жазады The Washington Post. Өткен жұма күні Висконсин штатындағы Грин-Бэй қаласында жақтастарымен кездескен Трамп өтірік айтудан он мыңдық межеден де асып түскен көрінеді.
Е. Карин