Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған хоккейден әлем чемпионаты І дивизионында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында жеңісті олжалады

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2019
  • 2961

Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған хоккейден әлем чемпионаты І дивизионында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында жеңісті олжалады. Словения құрама командасын 3:2 есебімен тізе бүктірген Андрей Скабелка шәкірттері келесі кездесуін ертең 16:30-да Литваға қарсы өткізеді. Ал бүгін, жарыстың екінші күнін Оңтүстік Корея мен Словения құрама командасы ашты. Ойын қорытындысы бойынша 5:3 есебімен оңтүстік кореялықтар басым түсті. Ал дәл қазір Беларуссия мен Венгрия құрама командасы кім мықтыны анықтап жатыр. Әзірге есеп 1-0. Есеп ашқан Белоруссия хоккейшілері.

Ә. Өмірзақ