Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясында оқушылардың жаппай астан улануының себебі анықталды

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2019
  • 3462

Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясындағы оқушылардың жаппай астан улануының себебі анықталды. Бастауыш сыныптың жиырмадан астам оқушысы жеген астан «стафилококк» инфекциясы табылған. Қазір мектептің асханасы жұмысын тоқтатқан. Асхананы жалға алып отырған кәсіпкердің тағамдарды сақтау талаптарын бұзғаны, оған қоса санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасап келгені белгілі болған. Қазір арнайы құжатсыз жұмыс істеген кәсіпкерге қатысты іс сотқа жолданыпты. Нан пісіруші мен кәсіпкердің өзі жұқпалы ауру инфекциясын таратушы болып отыр.  

Гүлбану ДӘУЛЕТОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:    

Тексеру қорытындысы бойынша екі адамнан стофилокок анықталды. Солар екі адам осы барлық негізгі аурудың себебі болды.

Жаппай ұшыну 19 сәуірде болған еді. №9 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныбында оқитын жиырма бес бала мектеп асханасындағы астан уланып, ауруханаға жеткізілген. Ауырғандардың арасында мектептің мұғалімі де бар. 

Б. Рахметова