Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяға саяхаттауға кеткен қазақстандықтар елге кері қайтарылмақ

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2019
  • 3448

Оңтүстік Кореяға саяхаттауға кеткен екі қазақстандық алғашқы рейспен елге қайтарылады. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында екі қызылордалық азаматтың Корея әуежайында қамалғаны хабарланды. Қазақстандық дипломаттардың айтуынша, соңғы кезде қазақстандықтар саяхаттауға келдік деп, сол елде заңсыз жұмыс істейтін көрінеді. Сондықтан Корея тарапы турист ретінде келушілерге қоятын талаптарды күшейткен.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Жергілікті азаматтар жергілікті шекара қызметкерлерінің сұхбаттасуынан өте алмады. Өйткені олар өздерінің бара жатқан сапарының нақты мақсатын айта алмады. Егер де, сіз Оңтүстік Корея аумағына бара жатсаңыздар, турист ретінде алдын ала кері қайтатын билеттеріңіз болуы керек қолыңызда, қонақ үйде бронь болуы қажет. Және сол мемлекетте жергілікті азамат не мекеме кепілдік беруі керек.  

Бүгінгі күні министрліктің есебі бойынша Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны 10 мыңға жақын. Корея тарапы арзан жұмыс күшін анықтауды мықтап қолға алғандықтан, елге депортацияланып жатқандарының да саны артқан.  

А. Өмірзақ