Сәді-Бек Түгел де Президенттікке кандидат атанды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы оны ресми тіркеді. «Ұлы Дала қырандары» ұйымынан ұсынылған үміткер қолдаушыларынан 122 мың 102 қол жинаған. Оның 120 мың 175-і жарамды деп танылды. Сөйтіп үміткер барлық талапқа сай деп келіп, Президенттікке үміткер куәлігін алды. Кандидат аз уақытта 118 мыңнан асатын қолдау жинау оңай болмағанын айтады.
Сәді-Бек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:
Шын мәнінде жүрек ауырған күндер, ұйқысыз түндер көп болды осы жеті күннің ішінде. Кеше ғана Шымкенттен ұшып келдік, бар регионда да азаматтарымыз белді бекем буып, білекті түріп қызмет істеді. Соның нәтижесінде. Уақыт тығыз болды, әсіресе. Көңілімізде дүдәмал болды жеті күнде үлгере алмай қаламыз ба деген.
А. Сейфулла