Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың СІМ М. Помпео Америка Венесуэла аумағынада әскери опперациялар жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2019
  • 3042

АҚШ-тың Сыртқы істер министрі Майк Помпео Америка Венесуэла аумағынада әскери опперациялар жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Журналистерге берген сұхбатында Помпео АҚШ-тың зорлық-зомбылыққа қарсы екендігін және Венесуэла президенті Николас Мадуроның бейбіт жолмен биліктен кететіндігіне үміттенетінін алға тартты. Дегенмен, Мадуро АҚШ-тың бұл мәлімдемесін арандатушылық деп бағалады. Ол егер Вашингтон тағы да мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенсе, әскерилерді елді қорғауға шақырды.  

Николас МАДУРО, ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ: 

Отан қорғаушылар мемлекетімізді қорғап қалу уақыты жетті. Біз бар әлемге Венесуэланың қарулы күштері біртұтас және заңды үкіметке бағынатының көрсетуіміз керек. Ал, АҚШ-тың ақшасына Отаның сатқандарды болашақта қатаң жаза күтіп тұр.  

Ал, оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдо АҚШ әскерилерінің елге кіруіне күмән келтіріп отырған жоқ. Ол өз жақтастарын сенбі күні әскери бөлімшілер алдында қарсылық акцияларына шығуға шақырды. Еске сала кетейік, Венесуэладағы соңғы бір аптада болған жаппай тәртіпсіздіктерден 2 адам қаза тапқан еді.  

Н. Біләл