Русский Сайттың толық нұсқасы

200 мың доллар көлемінде пара алған депутат ұсталды

  • AstanaTV
  • 03 мамыр 2019
  • 4216

200 мың доллар көлемінде пара алған деген айыппен депутат ұсталды. Күдікті Алматы облысы Панфилов ауылдық округіне қарасты аумағы 12 гектар жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерткені үшін азаматтан 76 млн теңге талап еткен көрінеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков мәлімдеді. Қазіргі уақытта сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарған.  

Бауыржан БАЛҒАБЕКОВ, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаменті Талғар аудандық мәслихатының депутаты, аудандық жер комиссиясы мүшесінің 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғанын анықтады. Тергеу жалғасып жатыр.  

Ал, Павлодарлық шенеунік тұрғындарға заңсыз зейнетақы рәсімдеу арқылы бюджеттің 36,4 млн теңгесін қалтасына басқан деп айыпталып отыр. Ол облыстық Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық басшысының бұрынғы орынбасары қызметін атқарған. Бұдан бөлек аталған мемлекеттік мекеменің өзге де қызметкерлері топ болып бюджет қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілігіп отыр. Мамандар дерегінше, олар 8 жыл көлемінде жемқорлық әрекеттерге барып отырған. 

Н. Біләл