Русский Сайттың толық нұсқасы

Латын әліпбиін балалар тез меңгереді

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2017
  • 3513

Латын әліпбиіне көшу - жас буынға еш қиындық тудырмайды. Әсіресе 3-4 жастағы балабақша тәрбиеленушілері үшін. «Нұр Отан» партиясының Павлодарлық филиалында өткен семинарда мектепке дейінгі мекеме өкілдері осындай ойымен бөлісті.

Бала - жаңашылдықты тез қабылдайды. Сондықтан да олар үшін жаңа қаріпті танып, үйренудің еш ауыртпалығы жоқ. Тіл үйрету үрдісі қаншалықты ерте басталса, соншалықты тиімді,- деген пікірде мамандар. Семинарға жиналған қауым Елбасының күні кеше ғана бекіткен алфавиттің соңғы үлгісінің қолайлы тұсын талқыға салды. Латынға көшкен қазақ тілінің қолдану өрісі кеңейіп, жаһандану үрдісіне кірігу ісі қарқын алмақ,- дейді жиналғандар.

Шынар Нұртазина, Екібастұз қаласындағы №3 балабақшаның әдіскері:

Кішкентай кезінен 3-4 жасынан үйретсек бірнеше тілге, балалар бірден қағып алады. Мен бір жағынан ана ретінде де айта аламын. Менің қызым бар, қазір 7 тілді біледі. Өйткені үш жасынан бірнеше тілге үйреттік.