Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас Прокуратура 9 мамырда өтетін заңсыз митингке қатысты үндеу жасады

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2019
  • 4421

Бас Прокуратура 9 мамырда өтетін заңсыз митингке қатысты үндеу жасады. Құзырлы орган, Заңның 31-ші бабын басшылыққа алады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеу жүріп жатыр. Бас прокуратура бұдан бұрын заңсыз акциялар ұйымдастырып және қатысқаны үшін жауапкершілік болатынын ескерткен. Алайда 1 мамырда, кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдардың ескертулерін елемей, заңсыз митинтерге шығып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және заңды бұзбауға шақырады. 

М. Дюсекина