Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік мекемелер шетелдік қызметтік көліктерден бас тартты

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2019
  • 2629

Мемлекеттік мекемелер шетелдік көліктерден бас тартты. Биыл бір де бір ұйым шетелдік автокөлік сатып алмаған. Қызметтік көліктердің барлығы отандық өнім. Бұл туралы «Қазавтопромға» сілтеме жасаған ЛС порталы хабарлады. Қауымдастық басшысы мұны сала тарихындағы алғашқы жағдай деп отыр. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында 9,5 млрд теңгеге бір жарым мыңдай автомобиль сатып алынған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 46 пайызға жоғары. Ал, электромобильдерге сұраныс айтарлықтай төмендеген. Былтыр 4 айда 22 көлік сатылса, биыл небәрі 5-і ғана саудаланған. 

Г. Мендеева