Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ. Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Павлодарда

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2019
  • 3241

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Павлодар облысында. Үгіт-насихат тобы этномәдени ұйым өкілдері, жұмысшылар және жастарға сайлауалды тұғырнаманың басты бағыттарын түсіндірді. Павлодар облысы еліміздің ірі индустриалды аймақтарының бірі. Соңғы жылдары өңірде ірі кәсіпорындар мен зауыттар саны өскен. 95 заманауи өндіріс ошағы ашылып, 10 мың жаңа жұмыс орны пайда болды.   

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарламасы Елбасының саясатының сабақтастығын қамтамасыз етуге, Тұңғыш Президентіміздің Жаңғыру бағдарламасын ары қарай жалғастыруға, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын ары қарай арттыруға бағытталған.

Серікболсын ҚИНАЯТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Көптеген жұмыс атқарыла бастады. Жастардың ойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жұмыстарды жалғастырып, әрдайым жастарды қолдайды деген үміттеміз.

М. Дюсекина