Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Президенттігіне үміткер А.Таспихов жастармен кездесті

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2019
  • 2293

Ауылдағы әрбір ұжымда кәсіподақ құру маңызды. Президенттікке үміткер Амангелді Таспихов өндіріс ошақтарындағы кәсіподақ қызметін жолға қоюды ұсынып отыр. Солтүстік Қазақстанға жасаған сапарында жастарды елді мекенге жұмысқа тарту мәселесін де көтерді. Кейін кәсіподақтар федерациясынан ұсынылған кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Қазір өңір жастарының 60 пайызы ауылда тұрады. Ал бір ғана агротехникалық колледж жылына 200-ге жуық маман даярлап отыр. Бірақ механизатор, ветеринар мен орманшылар ауылда әлі де жетіспейді. Амангелді Таспихов әлеуметтік қамқорлық көрсету арқылы оларды ауылға тарту тиімді,- дейді. 

Амангелді ТАСПИХОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Жастар деген еліміздің болашағы. Сондықтан біз бұған үлкен маңызды мәселе ретінде қараймыз. Өзімнің сайлауалды бағдарламамда осы мәселелерге көп көңіл бөлемін. Оларға жұмыс беру мәселесі, жалақы мәселесі, денсаулық сақтау, білім алу мәселесі бағдарламамызда көрнекті орын тапқан. 

А. Бектас