Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтаулық аула сыпырушыларға жалақы төленді

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2019
  • 2828

Ереуілге шыққан ақтаулық аула сыпырушыларға жалақы төленді. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров БАҚ өкілдеріне хабарлады. Оның айтуынша айлық беру үшін жергілікті жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 74 млн теңге алуға тура келген. Атқамінерлер қазынаның ақшасын енді қала бюджетіне ақша түскен соң, 1 жарым айдан кейін қайта орнына қоймақшы. Ал, «Қала жолдары» мекемесінің ақпан, наурыз айларында адамдарға жалақы төлеу үшін банктен алған несиесін шенеуніктер бір аптадан соң қайтарамыз, - деп уәде етті. Еске салсақ, кеше ғана Ақтау қаласында 4 жүзден астам көше тазалығына жауапты жұмысшылар айлық төленбегендіктен наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қойған еді.  

Жангелді ӘУБӘКІРОВ, АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Жергілікті бюджетке ақша түсісімен кеміген соманы қалпына келтіреміз. Бір, бір жарым ай күте тұратын болып келістік. Өйткені, бұл қаржы жұмысшылардың жалақысын төлеуге арналмаған. Алайда адамдардың жағдайын түсініп, осындай әрекетке баруға мәжбүрміз.

А. Қуаш