Superjet 100 лайнерінің апатқа ұшырауы ұшқыштар кесірінен болуы мүмкін. Олар ұшақ қонар кезде оның жылдамдығын үдетіп, төмен қарай шүйіле ұшу режимін қосқан. «Коммерсантъ» газетінде осындай болжам жазылған. Басылым ұшақты найзағай соққанын да растап отыр. Осыдан болып ұшақты тікелей басқару режимі қосылыпты. Сонда да пилоттардың ұшақты жерге түсіруге мүмкіндігі болған. Бірақ олар ұшып-қону жолағының есептік нүктесінен өтіп кеткен. Осының бәрі аспаптық және тік жылдамдықтың артып, ұшақтың жерге үш рет секіріп қонуына әкеп соққан. Ал бүгіннен бастап апаттың себептерін анықтауға Франция тарапы қосылды. Естеріңізге салайық, мамырдың бесі күні Sukhoi Superjet 100 ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл қонған. Лайнер жерге жеткен соң жанып кетті. 41 адам қаза тапты.
Д. Қайыртай