Елде есептен шығару куәлігін беру 25 маусымда басталады. Орталық сайлау комиссиясы тұрғылықты жерінен дауыс бере алмайтын азаматтарға қатысты мәлімдеме жасады. Төраға орынбасары Константин Петров өзге аймақтан сайлауға қатысатын адамдарға куәлік алу үшін өтініш жазу керектігін ескертті. Таңдау жасау құқығын беретін құжатты ел тұрғындары 8 маусым сағат 18:00-ге дейін ғана алады.
Константин ПЕТРОВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Есептен шығару куәлігі тiркелген жерiнен басқа аймаққа барған сайлаушыға немесе сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, болмаса мүшесі есептен шығару куәлігін сайлаушының таңдауына қарай мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырады.
А. Бектас