Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Ақмола облысында

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2019
  • 3262

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы аграрлы аймақ Ақмола облысына барды. Үгіт-насихат тобы Көкшетау минералды сулары өндірісіне барып, жұмысшылармен жүздесті. Партия өкілдері өндірісті дамытуға атсаласқан жұмысшылар қашанда назарда болу керектігін жеткізіп, сайлауалды тұғырнамасының бағыттарын түсіндірді. Платформа 3 бөлімнен тұрады. Ол: Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Үшінші қағидат бұл өрлеу қағидаты. Бұның негізгі мақсаты - алға қойған барлық мақсатымызға жету. Қазақстандағы жағдайды одан әрі дұрыстау, халықтың әл-ауқатын арттыру. Инфраструктураны дамыту, ауылдық жерлерде барлық керекті жұмыстарды жүргізу. Экономикамызды дамыту, кәсіпкерге барлық керекті мүмкіндіктерді жасау. Осының барлығы өрлеу қадиғатының жүзеге асырылуының көрсеткіші болады.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: 

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің бір сөзінде менің мақсатым әділетті-әлеуметтік мемлекет құру және әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыру деген еді. Біздің арманымыз - осы.

М. Дюсекина