Русский Сайттың толық нұсқасы

Д.Еспаеваның сенімді өкілі ЖОО өкілдерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2019
  • 2080

Бизнесті дамытып, бәсекеге қабілетті орта қалыптастыру қажет. «Ақ жол» партиясының атынан президент сайлауына түскен Дәния Еспаеваның сайлауалды тұғырнамасынада осы мәселе кеңінен қамтылған. Бүгін кандидаттың Оралдағы өңірлік штаб мүшелері мен сенімді өкілдері бірнеше жоғары оқу орындарының ұжымымен және бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі шараларды талқылады. Ақжолдықтар Дәния Еспаеваның бағдарламасы ең алдымен, экономиканы оның ішінде бизнесті дамытуға негізделеді дейді. 

Дәметкан СҮЛЕЙМЕНОВА ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Д.ЕСПАЕВАНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

«Ақ жол» демократиялық партиясының қазіргі біздің ұсынып отырған кандидатымыз үш бағытта көтеріп жатыр. Соның ішінде ең бір көкейтесті мәселе - Тәуелсіз Қазақстан деген бағыты, Тәуелсіз Қазақстан бағыты бойынша қазақ тілінің мәртебесін көтеру мәселесін қолға алып жатыр. Сосын қазіргі жастардың жұмыстарын қолдау мәселесін қолға алып жатыр. Ұлттардың достығын, халықтың бірлігін, ауызбірлігін күшейтуге күш салып жатыр.