Қазақ кино өнерінің аңызы Шәкен Аймановқа Алматыда еңселі ескерткіш орнатылды. Ол «Алматы» қонақ үйі маңынағы алаңға қойылды. Дәл осы кварталда Шәкен Айманов бірнеше танымал киноларын түсірген. Бүгін Алматы жұртшлығы, үзеңгілестері мен қала әкімі ескерткішті ресми түрде ашып, кино майталманы туралы естеліктер айтты. Туынды авторы бұған дейін Бауыржан Момышұлы, Мұқағали Мақатаев пен Әбілхан Қастеевтің ескерткіштерін мүсіндеген скульптор Нұрлан Далбай. Шараға елдегі танымал меценаттардың бірі демеушілік еткен.
Асанәлі ӘШІМОВ, ҚР ЕҢБЕК ЕРІ:
Осындай бір ескерткіш қойылып жатса ол халықтың мүддесі, соған деген көзқарасы, сүйіспеншілігі. Сондықтан, Шәкең сияқты ұлы азаматтарға өзіміздің орталыққа Алматы, астанада ескерткиштер қою міндетіміз. Бүгін осы ұйымдастырушыларға көп-көп рақмет айтамын. Ұйымдастырып, халықты жинап, қуаныш силағанына рақмет.
Р. Асқарбекұлы