Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент қазақ әліппесін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2017
  • 2070

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев қазақ әліппесін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда осыдан 2 апта бұрын ұсынылған соңғы нұсқа бекітіліп, үкіметке латын графикасына орай Ұлттық комиссия құру жайлы тапсырма беріліп, 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз ету жүктелген. Сонымен я, ю, ц, щ, э  әріптері жоқ. Апострофтар – төбесіне үтір қою арқылы жазылатын нұсқа бекітіліп отыр. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек: «басты проблема – біздің төл дыбыстарымыз дұрыс дыбысталмай, дұрыс берілмей келді. Сондықтан қазір тәртіп орнатып жатырмыз. Дұрыс айтып, дұрыс жазу үшін. Біз әріптерді емес, әліппені өзгертіп отырмыз. Қазақ тілінде 28 дыбыс бар, бірақ 32 жасадық, себебі өзге тілдерден алынған сөздер, тиісінше ф мен в сияқты әріптер жаппай қолданылады»,- деген. Яғни латын қарпіне көшудің концептуалды маңызды қадам екеніне бұрады. Ал бұл реформаның өте маңызды екенін барлығы бірден мойындаған. Оған ешкімнің таласы жоқ...

Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры:

Мемлекеттік тілімізді өз тұғырына қондыру бүгінгі күннен бастап қолға мықтап алынды деп есептеймін. Бұзылған ережелерді қолдануға етіміз көндігіп кеткен жағдайы бар. Сондықтан тілді қазір бүкіл қатпарлармен артық дүниелерден арылту оңай болмайды. Бірақ  игі істің мәні зор. Оған қоғам болып жұмылу біздің борышымыз.