Экономикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 30%-ға жеткіземіз. Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі міндеттерінің бірі осыған саяды. Республикалық қоғамдық штаб өкілдері Қостанай облысына барып, өндіріс орындарын аралады. Жұмысшылармен жүздескен кандидат жақтастары мемлекет пен бизнестің әлеуметтік серіктестігі қарқынды дамитынын жеткізді. Отандық бизнесті қолдау, инвестицияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың іскерлік белсенділігін ынталандыру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін бар күш салынбақшы. Жаңа кәсіпорындарға 3 жылға дейін арзан несиелер ұсынылатын болады. Ол бизнестің аяқтан тұрып, нығаюына мүмкіндік бермек.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР ҚАСЫМ-ЖОМАРТ Т ОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біздің кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бизнесті қолдауға, шағы н және орта бизнеске жан-жақты көмек беруге, сол сияқты біздің үлкен өндірістік кәсіпорындарымызға мемлекеттің тарапынан әр бағыттағы көмекті көрсетуге басымдық беріп отыр.
М. Дюсекина