Русский Сайттың толық нұсқасы

Д.Еспаева Қостанай облысында ауылшаруашылық еңбеккерлерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 17 мамыр 2019
  • 2457

Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан барынша қолдау болуы тиіс. Әсіресе, қайта өңдеумен айналысатын бизнес иелеріне назар аударылуы керек. Президентікке үміткер Дәния Еспаева Қостанай облысында ауылшаруашылық еңбеккерлерімен кездесуінде осындай пікір білдірді. «Олжа Беляевка» серіктестігі Қостанай облысындағы ауылшаруашылығымен айналысатын ірі серіктестің қатарында. Мал өсіріп, егін егеді. Биыл 70 мың гектар алқапқа астық екпек. Қазіргі уақытта көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Агрокешен 600-ге тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сала мамандарының айтуынша, осы істің басы-қасында жүргендерге қаржылай қолдаумен қатар, несие алу мен техниканы жаңарту жағын әлі де жеңілдете түсу қажет. 

Дәния ЕСПАЕВА,    ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Өзімнің бағдарламамда ауылшаруашылықты көтеру деген тақырыптар бар. Қазіргі кезде мына НДС мұнайшыларға да, ауылдағы өнім өндірушілерге де бірдей. Бірақ та менің бағдарламамда жазылған. Осы ауылшаруашылық НДС-ті төмендету бұл біріншіден. Екіншіден, қазіргі кезде ауылдың инфрақұрылымды өте нашар. Сондықтан оның да жағдайын жасау керек.

М. Дюсекина